ЖШС «МҚҰ «Азиялық Несие Қоры»

Азиялық Несие Қоры

«Азиялық Несие Қоры» микрокредиттік ұйымы» ЖШС (бұдан былай – АНҚ) экономикалық даму және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі халықаралық ұйым – Мейірім Корпусының Шағын және орта бизнеске несие беру бағдарламасының негізінде 1997 жылы құрылған. Мейірім Корпусы күні бүгінге дейін АНҚ-ға қолдау көрсетіп келеді.

АНҚ қаржы қызметтері үй шаруашылығын дамытуды жылжыту, шағын бизнесті, негізінен, ауылды өңірлерде шағын бизнесті өсіру, сондай-ақ Қазақстанның қалалары мен ауылдарында тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін әзірленген.

АНҚ клиентке бағытталған қаржы институты болып табылып, несие мекемесінің моделін пайдаланады, оның қызметі жергілікті қоғамдастықтарды дамытуға, АНҚ мақсатты клиенттеріне жеке қаржы шешімдерін, бизнес-кеңестер беруге және техникалық көмек көрсетуге бағытталған. Осы қызметтер бизнесті дамыту жөніндегі оқыған мамандарға және АНҚ қазіргі бар серіктестер желісі арқылы беріледі.

Бүгінгі күні төрағасы Мейірім Корпусының өкілі болып табылатын Бақылау кеңесі мен Жалпы жиналыс АНҚ басқарады. АНҚ-ның Қазақстанның ауылдық аймақтарында тарамдалған кеңселер желісі бар. АНҚ Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

Ыстық телефон желісі
5061 (ұялы телефон арқылы тегін)
+7 (727) 250-61-90 (қалалық телефон арқылы)

Эл. пошта: info@acfund.kz

Facebook: AsianCreditFund

Высший орган управления Ассоциации -
Общее собрание членов АМФОК
Орган управления Ассоциации -
Совет Директоров АМФОК
Amfok Certificates
© 2019 Created by AWStudio